- Серіктестер
- Бос жұмыс орындары
- Глоссарий
- Баспасөз қызметі
- Жаңалықтар мен оқиғалар
- Сұрақ-жауап
- Қызмет сапасы
- Сіздің жағдайыңыз сақтандыруға жата ма?
Алматы, 2012 жылғы 7 ақпан- «БТА Банкінің еншілес ұйымы компаниясы «БТА Страхование» АҚ сақтандыру шарттары бойынша сыйлықақыларды төлем терминалдары арқылы төлеу жүйесін іске қосқан Қазақстанның бірінші сақтандыру компаниясы. Бұл тәсілдің артықшылықтарының бірі– осы төлемді жүзеге асыру үшін комиссияның болмауы.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңына өзгеріс енгізілді, мұндай былай деп айтылған: сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру агентіне сақтандыру компаниясы атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтанушыдан қолма¬-қол ақшамен төлем қабылдауға тыйым салынады*.
Осы жаңа қызмет түрі алақол агенттер арасында алаяқтық жағдайларын болдырмауға және клиенттерге сақтандыру шартының заңды түрде жасалғанына100% сенімді болуға мүмкіндік береді.
Полис үшін сыйлықақыны қалай төлеу қажет? «БТА Страхование» өз клиенттеріне сақтандыру қызметінің ақысын банк бөлімшелері, Интернет-банкинг, филиалдардағы касса аппараттары, сондай-ақ төлем карталарының көмегімен төлеуді ұсынады.
«БТА Страхование»бұған қосымша төлемді жүзеге асырғаны үшін комиссия есептелінбейтін төлем терминалдарының желісі арқылы қолма қол ақша қабылдауды ұйымдастырды. Осы мақсатта терминалдар арқылы лездік төлемдер ұйымдастырумен айналысатын ірі компаниялардың бірімен шартқа қол қойылды, Қазақстан бойынша мұндай терминалдардың саны 7 500 дананы құрайды. Сондай ақ компаниялар арасындағы уағдаластық бойынша «БТА Страхование» компаниясының сату орындарында қосымша терминалдар орналастырылады. Полисті төлеу кезінде артылған ақша төлеушінің ұялы телефонына есептелетін болады. Нақты кезеңде «БТА Страхование» сақтанушылары көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ МАҚЖ) бойынша қызметтер ақысын төлей алады. Әрі қарай да басқа сақтандыру өнімдері бойынша төлем жасау мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылып жатыр.
* Сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіретін тұлғалардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қолма қол қаражатты қабылдауы айрықша жағдай болып табылады.
