- Серіктестер
- Бос жұмыс орындары
- Глоссарий
- Баспасөз қызметі
- Сұрақ-жауап
- Қызмет сапасы
- Сіздің жағдайыңыз сақтандыруға жата ма?
«БТА Банкінің еншілес ҰК» БТА Страхование» АҚ атынан қазіргі және болашақтағы клиенттеріміз бен серіктестеріміз ретінде Сіздерге ілтипатымды білдіремін! Біз Сіздерге шын ниетпен алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақыттағы тиімді әрі жемісті ынтымақтастығымыз одан әрі дами түседі деп үміттенеміз.
Осыдан 13 жыл бұрын, қызметіміз енді-енді басталып жатқанда, сақтандыру компаниямыз сақтандыру бизнесінің іргесін қалағандар қатарында болатын және экономикадағы жаңа нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға сақтандыру бойынша қолдау көрсетуде белсенді көмекші болды. Осы кезең ішінде біз бизнесімізді белсенді дамыта түстік, алға жылжып, өсе түстік! Қазіргі таңда сақтандыру нарығында оңды үрдістердің куәгері болып жатсақ, соның ішінде біздің де үлесіміз бар.
Көптеген жыл бойы жұмыс нәтижесінде компанияның тұрақты іскерлік беделі қалыптасты. Бұл клиенттер мен нарық қатысушылары тарапынан бізге деген жоғары сенім деңгейінің дәлелі.
Компанияның стратегиялық міндеттері – клиенттерге қызмет көрсету сапасының жоғары талаптары, жаңа жекелеген сақтандыру қызметтерін әзірлеу мен ендіру, автосақтандыру, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру, сатылым желісін кеңейту бойынша қызметтер ұсыну саласында компанияның қарқынды дамуы.
Біздің клиенттеріміздің саны күн санап артуда, бұл біздің компаниямызға деген сенімнің артуы туралы дұрыс таңдауды білдіреді. «БТА Банкінің еншілес ҰК» БТА Страхование» АҚ атынан өздерінің үлкен сенімі арқылы біздің компаниямыздың өсуіне ықпал еткендердің барлығына алғысымды білдіремін. Сіздер жасаған таңдаудың арқасында біздің компаниямыз сақтандыру нарығының көшбасшысы болды. Сіздердің таңдауларыңыз кездейсоқ емес екендігіне және Сіздер үшін өте тиімді болатындығына сеніміз.
Сондай-ақ компанияның бәсекелесті артықшылығы, анағұрлым құнды активі және қозғалыс күші болып табылатын «БТА Банкінің еншілес ҰК» БТА Страхование» АҚ командасына алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Біздің командамыз тек табысқа жетуге күш жұмсайды. Ол өзінің ауызбіршілігімен және корпоративтік рухымен мықты.
Біздің сайт сақтандыру компаниясын таңдауда пайдалы кеңесші болады деген үміттеміз.
Біздің сақтандыру компаниямызға қош келіпсіздер!
Құрметпен,
«БТА Банкінің еншілес ҰК» БТА Страхование» АҚ Басқарма Төрағасы
