kz rueng

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ:

8 (727) 250 22 22
Сайттан қазір қонырау шалыңыз!


Сіздің жағдайыңыз сақтандыруға жата ма?

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру 

ЖКО кезінде:
1.    Апаттық аялдау белгісін іске қосу, содан кейін көлік оқиғасы туралы 112 телефоны бойынша жол полициясының қызметкерлеріне хабарлау. Жол полициясының қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамау және оқиға орнынан тысқары кетпеу.
2.    ЖКО туралы «БТА Банкінің еншілес ҰК «БТА Страхование» АҚ-ның  Байланыс орталығына 2250 бойынша хабарлау.
3.     «БТА Страхование» компаниясының өкілі тексеріп қарағанға дейін зиян келтірілген көлік құралын (зиян келтірілген мүлікті) сақтандыру оқиғасының салдарынан болған жай-күйінде сақтау.
4.    Ықтимал залалды азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолдану.
5.    «БТА Страхование» компаниясының жазбаша келісімінсіз ақшалай төлемдер мен өтініштер жасамау.
6.    «БТА Страхование» компаниясының офисіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау, ауызша хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс.
7.    «БТА Страхование» компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды ұсыну.

Құжаттар тізімі:
«БТА Страхование» компаниясының клиенті:
1.    Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2.    Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан басталған тұлғаның сақтандыру полисі (оны телнұсқасы);
3.    Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжат;
4.    Сақтанушының (сақтандырылуышының) немесе көлік құралын басқарған тұлғаның жүргізуші куәлігінің көшірмесі және оның осы көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Жәбірленуші:
1.    жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының жәбірленушінің уақытша еңбекке қабілетсіз болатын мерзімі туралы анықтамасының немесе жәбірленушінің мүгедектігін анықтау туралы, оны анықтаған жағдайда, мамандандырылған мекемелер анықтамасының көшірмесі;
2.    жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды түрде расталған көшірмесі;
3.    пайда алушының зиянды өтеп алуға құқығын растайтын құжат (көшірме);
4.    көлік құралын бағалау ұйымына өтініш;
5.    келтірілген зиянды бағалау бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған құжаттар;
6.    пайда алушының (жеке тұлғаның) жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген  сенімхаттың түпнұсқасы;
7.    сақтандыру төлеміне өтініш.

Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру:

ЖКО кезінде:
Апаттық аялдау белгісін іске қосу, содан кейін көлік оқиғасы туралы 112 телефоны бойынша жол полициясының қызметкерлеріне хабарлау. Жол полициясының қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамау және оқиға орнынан тысқары кетпеу.
1.    ЖКО туралы «БТА Банкінің еншілес ҰК «БТА Страхование» АҚ-ның  Байланыс орталығына 2250 бойынша хабарлау және ЖКО болған жерге апаттық комиссарды шақырту.
2.     «БТА Страхование» компаниясының өкілі тексеріп қарағанға дейін зиян келтірілген көлік құралын (зиян келтірілген мүлікті) сақтандыру оқиғасының салдарынан болған жай-күйінде сақтау.
3.    Ықтимал залалды азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолдану.
4.    «БТА Страхование» компаниясының офисіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау, ауызша хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс.
5.    «БТА Страхование» компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды ұсыну.

Құжаттар тізімі*:
1.    Сақтандыру жағдайы туралы өтініш
2.    Полистің  немесе сақтандыру шартының көшірмесі
3.    ЖПБ-ден расталған материал көшірмелері: хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемелері, № 2 қосымшамен бірге ЖКО схемасы, ал ЖКО кезінде жәбірленушілер болған жағдайда қылмыстық істі қозғау/тарту/қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
4.    Заңды күшіне енген әкімшілік соты қаулысының көшірмесі (сот мөрімен расталған);
5.    ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болса және материалдар сотқа берілсе, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы қаулы, заңды күшіне енген соттың кесімі, не сот шығарған және істің нәтижесін анықтайтын басқа да процессуалдық құжаттар;
6.    Психоактивтік заттарды пайдалану және мастық күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру хаттамасы;
7.    Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
8.    Сақтандырылған КҚ басқаруға сенімхат көшірмесі (автомашинаны сенімхат бойынша басқарған жағдайда);
9.    Сақтандырылған КҚ басқаратын тұлғаның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
10.    Сақтандырылған КҚ басқаратын тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
11.    Залал мөлшерін растайтын құжаттар, сақтандырылған КҚ бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге шот, зақымданған детальдердің суреттері;
12.    Пайда алушыдан сақтандыру төлемдерін жасауға өтініш.

* Сақтандыру бағдарламасына сәйкес басқа да құжаттар қарастырылуы мүмкін.

Өрт болған кезде:
1.    Көлік құралының қозғалтқышын өшіру;
2.    Көлік құралынан жырақ кету;
3.    Оқиға туралы 112 телефоны бойынша хабарлау және өртке қарсы қызметтің жұмыскерлерін шақырту. Өртке қарсы қызметтің жұмыскерлері келгенге дейін, егер мұндай мүмкіндік өмірге қауіп келтірмесе, қолда бар құралдардың көмегімен өртті сөндіруге кірісу.
4.    Өрт туралы «БТА Банкінің еншілес ҰК «БТА Страхование» АҚ-ның  Байланыс орталығына 2250 бойынша хабарлау және ЖКО болған жерге апаттық комиссарды шақырту;
5.    Өртке қарсы қызмет органдарынан тиісті рұқсатты алғаннан кейін зиян келтірілген автомобильді сақтау орнына тасымалдау және оны бағалаушы мен Сақтандырушының өкілі тексеріп қарағанға дейін өрттен кейінгі жай күйінде сақталуын қамтамасыз ету;
6.    «БТА Страхование» компаниясының офисіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау, ауызша хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс;
7.    «БТА Страхование» компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды ұсыну.

Құжаттар тізімі:
1.    Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2.    Сақтандыру полисінің немесе шартының көшірмесі;
3.    Өрт туралы актінің көшірмесі;
4.    Өрт-техникалық сараптама қорытындысының көшірмесі;
5.    Өрт себептерін тексеру нәтижелері бойынша шығарылған түпкілікті процессуалдық құжат;
6.    Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
7.    Сақтандырылған КҚ басқаруға сенімхат көшірмесі (автомашинаны сенімхат бойынша басқарған жағдайда);
8.    Сақтандырылған КҚ басқаратын тұлғаның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
9.    Сақтандырылған КҚ басқаратын тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
10.    Залал мөлшерін растайтын құжаттар, сақтандырылған КҚ бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге шот, зақымданған детальдердің суреттері.


Айдап әкету кезінде

1.    Айдап әкету туралы дереу 112 телефоны бойынша хабарлау 
2.    «БТА Страхование» компаниясының офисіне 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау, ауызша хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс;
3.    «БТА Страхование» компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды ұсыну.  

Құжаттар тізімі:
1.    Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2.    Сақтандыру шартының түпнұсқасы;
3.    Сақтандырылған КҚ-на техникалық төлқұжаттың түпнұсқасы;
4.    Сақтандырылған КҚ кілттерінің толық топтамасы және оған орнатылған сигнал беру жүйесінің брелоктары;
5.    Сақтанушының Жеке куәлігінің көшірмесі;
6.    Оқиға фактісі бойынша ішкі істер органдарына берілген өтініш көшірмесі;*
7.    Оқиға орнын тексеріп қарау хаттамасының көшірмесі;
8.    Қылмыстық істі қозғау туралы қаулының көшірмесі;
9.    Іс бойынша жәбірленушіні мойындау туралы қаулының көшірмесі;
10.    Күдікті адам болған жағдайда оны айыпталушы ретінде іске тарту туралы қаулының көшірмесі;
11.    Істің нәтижесін анықтайтын процессуалдық құжаттың көшірмесі: бас тарту, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы қаулы, немесе сот кесімі;

"Абандон" (сақтандырылған КҚ табылмаған жағдайда клиенттің сақтандырылған КҚ-дан сақтандыру компаниясының пайдасына мүлік ретінде бас тартуы), ал егер КҚ зақымданған күйінде табылса, онда қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарының құны туралы есеп беру қажет, бұл есепті осы қызмет түріне лицензиясы бар сарапшы жасайды.
 
* Клиент ұсынатын уәкілетті органдардың құжаттары түпнұсқа түрінде берілуі тиіс, егер бұл құжаттардың көшірмелері ұсынылса, онда олар нотариалды түрде расталған болуы, не мемлекеттік органның немесе құжатты берген ұйымның жауапты тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен расталуы тиіс.


Қызметкерлерді сақтандыру

Автокөлік иелерінің АҚЖ

Мүлікті сақтандыру