kz rueng

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ:

8 (727) 250 22 22
Сайттан қазір қонырау шалыңыз!


Көрімдік

Коримдик  

2011 жылғы 5 қыркүйектен бастап "БТА Страхование" компаниясының барлық офистерінде сізежелгі ұлттық дәстүрлер мен сақтандыру қызметтері үйлесе жүретін «Көрімдік» атты сыйлық сертификатын сатып алуыңызға болады.
    Өмірімізде үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, қоныстой, автомобиль сатып алу сияқты біз үшін орасан зор маңызы бар толып жатқан атаулы оқиғалар болып жатады. Ал салтанатты құрметтің иегері бұл кезде түрлі сыйлықтарға, оның ішінде  «Көрімдікке» ие болады.
    Көп жағдайда ақша түрінде жүретін «Көрімдіктің» қазақ халқы үшін байырғы дәстүр болып табылатындығы баршаға мәлім. «Көрімдік» тек ақшалай көмек қана емес, сондай-ақ ақ ниет білдірудің, бақыт пен табыс тілеудің өзінше бір нышаны болып табылады.
    «БТА Страхование» компаниясы ұсынатын «Көрімдіктің» иегері автомобильге, үйге немесе пәтерге сақтандыру қорғанышын сатып алу арқылы ақшаны айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігіне ие болады, осылайша ол өзінің отбасылық бюджетін әртүрлі өмір жағдайдары туындаған кездегі көлденең шығындардан қорғап қалады.

Сертификат алушы сақтандыру сомасын (100 000 теңгеден басталады) дербес таңдай алады.

«Көрімдік»сертификатының құны 3 000 теңгені және 5 000 теңгені құрайды.

«БТА Страхование» баршаңызға бақыт пен аман-саулық тілейді!