kz rueng

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ:

8 (727) 250 22 22
Сайттан қазір қонырау шалыңыз!


Қарыз алушыларды сақтандыру

     «БТА Банкінің еншілес ҰК «БТА Страхование» АҚ Қарыз алушыларға кепілге берілген мүлікті, автомобиль көлігін, арнаулы техниканы сақтандыруды, лизингке алынған мүлікті сақтандыруды, сондай¬-ақ титулдық сақтандыруды (меншік құқығын жоғалтудан сақтандыру) ұсынады. Пайда алушы ретінде кредит ұйымы жүреді.
      Сақтандыру қарыз алушының болсын, сондай ақ кредитордың болсын мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған. Осылайша Қарыз алушы өзін банкке борышты төлеуге кедергі келтіруі мүмкін алдын-ала ескерілмеген жағдайлардан қауіпсіздендіре алады.
       Көрсетілген сақтандыру кластарындағы сақтандыру жағдайлары мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуы немесе апатқа ұшырауы болып табылады. Сақтандыру жағдайының нәтижесінде кредитордың зияны өтеледі.
      Сақтандыру сомасы кредит шартының талаптарына сәйкес қайтарылуға жататын Сақтанушының барлық берешегінің сомасы мөлшерінде (кредитті пайдаланғаны үшін пайыздарды қоса) белгіленеді.
       Сақтандыру құны алынған кредит сомасы, міндеттемелерді орындау мерзімдері және олардың іс жүзінде нақты орындалуы сияқты тәуекел деңгейіне ықпал ететін көптеген факторларға байланысты болады.

"БТА Страхование" АҚ мынадай қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық туралы шарттар жасасқан:

- "БТА Банкі" АҚ
- "Альянс Банк" АҚ
- "Сбербанк России" АҚ ЕБ
- "СК Лизинг" АҚ
- "Темірлизинг" АҚ
-"ҚазАгро" УБХ" АҚ
- және басқалар.